Саясат
2 мин оқу 60

Әріптестікке серпін беретін уағдаластық

<p style="text-align: left;">Премьер-министр Олжас Бектенов пен Черногория Прези&shy;денті Яков Милатович Қазақ&shy;стан мен Черногория прези&shy;дент&shy;терінің келіссөздері нәтиже&shy;сінде қол жет&shy;кізілген уағдаластық&shy;тар&shy;ды жүзеге асыру мәселесін талқылады.</p>

Әріптестікке серпін беретін уағдаластық

«Бүгін сіз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды әрі сындарлы келіссөз жүргіздіңіз. Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Черногория арасындағы қатынастардың жаңа кезеңін ашатынына сенімдімін. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың жүзеге асырылуын бақылауына алады», деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Біздің елдердің үкіметтері арамыз­дағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін іргелі құқықтық негіз болатын бірқатар екіжақты келісімдердің жобаларын әзірлеп жатыр. Бұл жерде әңгіме экономикалық ынтымақтастық, әділет саласындағы әріптестік, сондай-ақ цифр­ландыру саласына қатысты өзара іс-қимыл тұрғысындағы келісімдер туралы болып отыр. Біз Қазақстанның цифр­лық трансформация саласындағы жетістік­терін жоғары бағалаймыз, әрі сіздің елдің осы бағыттағы құнды тәжірибесін қабылдай аламыз деп санаймын»,  деді Яков Милатович.

Сонымен қатар екіжақты тауар айналымының қазіргі деңгейі ынтымақ­тас­тықтың әлеуетін толық аша алмай отыр­ғаны атап өтілді. Екі елдің прези­дент­тері белгілеген міндеттер аясында сауда, көлік және логистика, ауыл шаруа­шылығы, цифрлық технологиялар, туризм, білім салаларындағы перспективалы жобаларға назар аударылды.

Агроөнеркәсіп кешенінде еліміз­дің Черногория нарығына ауыл шаруа­шылығы өнімдерін, оның ішінде ұн, бидай, майлы дақылдар мен терең өңделген өнімдерді экспорттауға да­йын екендігі атап өтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымын, тұқым шаруашылығын, биотехнологияларды, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын жүргізудің өзге де орнықты әдістерін дамыту саласындағы өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды.

Көлік-логистика саласында Қазақ­станның Еуропа мен Азия арасындағы басты транзиттік көпір ретіндегі рөлі атап өтілді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі өткен жылы 36%-дан астам өсіп, 77 мың ЖФЭ контейнерін құрады. Черногорияның стратегиялық тұрғы­дан тиімді орналасуын және оның Адриати­калық теңізге қолжетімділікті қамта­масыз етуге қаншалықты үлес қосатынын ескере отырып, кездесуге қатысушылар сауда және инвестициялық байланыс­тарды кеңейтудің мол мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Сонымен қатар TХКБ-ның қуатын Бар портымен жұптастыру жайы талқыланды, бұл Оңтүстік және Орталық Еуропаға жаңа мультимодальды дәліз құруға жол ашады.

Цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық келешегіне назар аударылды. Еліміз мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді, олардың 90%-дан астамы бүгінде онлайн режімде қолжетімді. Бұл бағытта бірлескен GovTech және ЖИ-бастама­ларын құру арқылы цифрлық трансформация, ЖИ, мемлекеттік басқару мен инновациялар саласындағы әріптестікті кеңейту бойынша елеулі әлеует бар.

Олжас Бектенов Черногория делегациясына елдегі қалыптасқан инвестициялық ахуал туралы ақпарат берді. Негізгі шаралардың қатарында 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңарту, инвестициялық штабтың жұмысы және Бас прокуратура жанындағы салалық комитет қызметі шеңберінде инвесторлардың құқығын қорғауды күшейту, шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін «Altyn Visa» жаңа арнайы визалық режімін енгізу бар.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыруға толық дайын екенін растады.

Бөлісу: