Қоғам
2 мин оқу 90

Саламаттылыққа бастаған жоба

<p style="text-align: left;">Елімізде маскүнемдіктің алдын алу, тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында &laquo;Арақсыз ауыл&raquo; жобасы жүзеге асып келеді. Нәтижесі де жоқ емес. Алкогольді өнімдерді сатудан толықтай бас тартқан елді мекендерде қылмыс пен құқық бұзушылық саны да мейлінше төмендеген.</p>

Саламаттылыққа бастаған жоба

Жетісу облысы Ескелді ауда­нындағы Жаңалық ауылын­да 500-ге жуық тұрғын бар. Елді мекен дүкендері осыдан 5 жыл уақыт бұрын алкогольді ішім­діктерді сатудан түбегейлі бас тартып, бүгінде қоғамдық тәр­тіп пен татулықтың үлгісіне айна­лып отыр. Ақсақалдар мен тұр­ғындардың бастамасы­мен қабылданған шешімнің нәти­же­сінде ауылда кейінгі бес жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Бір қуантарлығы, Жаңалық – осы өңірдегі арақтан ада болған жалғыз ауыл емес. Бұдан бөлек тағы 30 шақты елді мекен игі іске мұрындық болып, ізгілік жолына түскен. Осы­лайша, Жаңалық ауылы бір­ліктің, жауапкершілік пен ұлттық құндылықтарға иек артудың арқа­сында қауіпсіз қоғам құрудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Ақтөбе облысында да кейінгі 10 жылдан бері 35 ауылда арақ-шарап сатылмайды. Халықтың сана­лы таңдауымен өмірге енген са­ламатты өмір салтының жө­ні­мен барлық той-томалақ пен түрлі жиындар ішімдіксіз, тек ұлттық сусындар – қымыз бен шұ­бат­пен ғана, сән-салтанатымен, берекелі түрде өтеді.

«Бұрын «ішімдіксіз той өт­пейді» деген түсінік болған. Ал бүгінде сол қасаң ойдың тас-талқаны шығып, көзіміз анық жеткен ақиқат бар: арақсыз да қуа­ныш бар, тіпті берекесі әлде­қайда мол», дейді жазушы Бибігүл Иманғазина.

Айта кетсек, «Арақсыз ауыл» жобасы қоғам денсаулығын ны­ғайтуға бағытталған тиімді бас­таманың біріне айналып отыр. Тұрғындардың жаппай қолдауы арқасында бұл жобаға қосылған елді мекендер саны да артып ке­леді. Халықтың өмір сапасын жақсартуға, жастарды тәрбиелеу­ге, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жалға­сын таба береріне сенім мол.

Бөлісу:
Саламаттылыққа бастаған жоба · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар