Спорт
1 мин оқу 50
Виктор Друзин Әлем кубогының суперфиналында қола жүлдеге қол жеткізді
<p>Көркем жүзуден Қазақстан құрамасының өкілі Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының суперфиналында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Отандасымыз ерлер арасындағы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, төрешілерден 235.4583 ұпай жинады. Осы нәтижемен ол қола медаль еншіледі.
Бұл Друзиннің биылғы Әлем кубогы кезеңдеріндегі кезекті жүлдесі. Қазақстандық спортшы маусым барысында бірнеше рет тұғырға көтерілген болатын.
Бөлісу: