Елорда
1 мин оқу 40

Астанада арнайы оқу-жаттығу өтеді: Индустриялық парк маңында қозғалыс шектеледі

<p>21 маусым күні Астанада күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ведомствоаралық арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада арнайы оқу-жаттығу өтеді: Индустриялық парк маңында қозғалыс шектеледі

 Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, іс-шара сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін №1 Индустриялық парк аумағында ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу кезінде аталған аумақта автокөліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындап, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау сұралады.

Жаттығудың негізгі мақсаты – күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын жетілдіру.

Бөлісу: