Құтқарушы
1 мин оқу 40

Балқашта су жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті

<p>Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының ресми түрде жұмысты бастау рәсіміне қатысты. Тікұшақ тәулік бойы кезекшілікте адамдарды іздестіру және құтқару, санитариялық авиация, әуе мониторингі және төтенше жағдайларға ден қою міндеттерін орындайтын болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Балқашта су жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті

Авиациялық-құтқару жасақтарын құру және мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру аясында AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының командирі Абай Қоржынбайға қызметтік пәтердің кілті табысталды.

тікұшақ2

Жаңа бөлімшенің жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Тікұшақты орналастыру үшін экипаж бен әуе кемесінің тәулік бойы жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ететін жаңартылған авиациялық база дайындалды.

Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды

Балқашта авиациялық жасақтың құрылуы ТЖМ-нің AIR-112 авиациялық қызметін дамыту және ел аумағында авиациялық-құтқару бөлімшелерінің желісін кеңейту жөніндегі жұмысының бір бөлігі болды.

Балқаштағы фестиваль: Полицейлер көл ортасында қалған адамды құтқарды

Бөлісу:
Балқашта су жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар