Спорт
1 мин оқу 30

ӘЧ-2026: Германия Кот-д'Ивуар құрамасын жеңді

<p>Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті ойында Германия құрамасы Кот-д'Ивуар командасын 2:1 есебімен жеңді.&nbsp; Кездесу Канаданың Торонто қаласында өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

ӘЧ-2026: Германия Кот-д'Ивуар құрамасын жеңді

Есепті алғашқы болып Кот-д'Ивуар құрамасы ашты. Матчтың 30-минутында жартылай қорғаушы Франк Кессье Мануэль Нойер қорғаған қақпаға гол соғып, командасын алға шығарды.

Ойын барысында басымдық танытқан Германия құрамасы қарсылас қақпасын тек екінші таймның ортасында ғана дәл көздей алды. Дениз Ундав 68-минутта есепті теңестірсе, қосымша уақытта  Дениз Ундав дубль авторы атанды.

Енді үшінші турда Германия Эквадормен, ал Кот-д'Ивуар Кюрасаомен кездеседі.

Бөлісу: