Спорт
1 мин оқу 30
Германия көш бастады: Эквадор мен Кюрасао тең ойнады
<p>Эквадор құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Кюрасао құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Е тобындағы кездесу АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.
Екі тур қорытындысы бойынша 6 ұпай жинаған Германия құрамасы Е тобында көш бастап тұр. Екінші орында 3 ұпайы бар Кот-д'Ивуар құрамасы орналасқан. Ал Эквадор мен Кюрасао құрамаларының еншісінде бір-бір ұпайдан бар.
Үшінші турда Германия Эквадормен кездессе, Кюрасао Кот-д'Ивуармен күш сынасады.
Бөлісу: