Оқиға
1 мин оқу 40

Түркістан облысында бес жасар бала пойыз астына түсіп кете жаздады

<p>Түркістан &ndash; Шиелі учаскесінің&nbsp;Шорнақ станциясы маңында бес&nbsp;жасар баланы пойыз қағып кете жаздады. Теміржол бойына шығып кеткен бүлдіршінді&nbsp;машинист дер кезінде байқап, пойызды тоқтатқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысында бес жасар бала пойыз астына түсіп кете жаздады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, Алматы-2 – Саратов бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан.

«Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді», делінген хабарламада.

Осылайша қызметкерлер жедел әрекет етудің арқасында бала өмірін сақтап қалды. Төтенше жағдайға қарамастан пойыз қозғалысы небәрі төрт минутқа кешіккен.

Нұрлы жол – Орал бағытындағы пойызда жолаушы қайтыс болды

Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңақорған – Түркістан теміржол учаскесінде «Саратов – Алматы» бағыты бойынша қатынайтын №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен еді. Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, вагонда 36 жолаушы болған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен.

Бөлісу:
Түркістан облысында бес жасар бала пойыз астына түсіп кете жаздады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар