Президент
1 мин оқу 50

Президент Брюссельге ресми сапармен барады

<p>22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент Брюссельге ресми сапармен барады

Сапар аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Сапар барысында Президент Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездеседі.

Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Черногория президенті Яков Милатовичті қарсы алған болатын. Кездесу барысында тараптар шағын құрамда келіссөз жүргізген еді.

Бөлісу:
Президент Брюссельге ресми сапармен барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар