Аргентинада Лионель Мессиге арналған алып мүсін бой көтерді
<p>Аргентинаның Неукен провинциясындағы Кутраль-Ко қаласында сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсін тұрғызылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Биіктігі 26 метрді құрайтын монументтің авторы – жергілікті мүсінші Альдо Бероиса. Өнер туындысы қазіргі таңда аргентиналық футболшыға арналған ең ірі ескерткіш ретінде тіркелді.
Жаңа мүсін Мессидің Үндістанда орнатылған ескерткішінен асып түсті. Бұған дейін Калькуттада тұрғызылған монументтің биіктігі 21 метр болған еді.
Ескерткіштің ашылуы әлем чемпионаты өтіп жатқан кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі таңда Лионель Месси әлемдік футбол тарихындағы жетістіктерін жалғастырып келеді.
Ол Алжирге қарсы өткен матчта хет-трик авторы атанып, әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша Германияның бұрынғы ойыншысы Мирослав Клоземен теңескен еді. Екі футболшының да қоржынында 16 голдан бар.
Еске сала кетейік, Аргентина құрамасы әлем чемпионатындағы келесі кездесуін 22 маусымда сағат 22:00-де Австрия командасына қарсы өткізеді.