Әлем
1 мин оқу 30

Норвегия мектеп оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу қойды

<p>Норвегия бастауыш сынып оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу енгізді. Ел үкіметі мектептерде жасанды интеллект технологияларын пайдалануға қатысты жаңа ережелер қабылдады. Жаңа талаптар келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Норвегия мектеп оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу қойды

Билік өкілдерінің пікірінше, балалар алдымен оқу, жазу және есептеу сияқты негізгі дағдыларды толық меңгеруі тиіс. Ал нейрожелілермен ерте танысу бұл қабілеттердің қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін.

Жаңа ережеге сәйкес, шектеулер бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейінгі оқушыларға қатысты болады. Ал 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге жасанды интеллект құралдарын тек мұғалімдердің бақылауымен пайдалануға рұқсат етіледі.

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді

Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану дағдылары үйретіледі. Бұдан бөлек, Норвегия билігі мектеп бағдарламасына баспа кітаптарын көбірек енгізуді жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін елімізде 7 мыңға жуық сайтқа шектеу қойылғанын мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Норвегия мектеп оқушыларына жасанды интеллект қолдануға шектеу қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар