Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 40

Павлодарда шенеунік тротуар төсеу үшін 368 млн теңге пайдаланбақ болған

<p>Павлодар қаласында шенеунік парк жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақты артығымен көрсетіп, құрылыстан қалған ақшаны қалтаға баспақ болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда шенеунік тротуар төсеу үшін 368 млн теңге пайдаланбақ болған

Павлодар облысының прокуратурасы тексеру барысында сметалық құжаттамаға құрылыс аумағының 25 мың шаршы метр деп көрсетілгенін анықтады. Кәсіпкер осы аумаққа бетон плиталарын сатып алатынын көрсеткен.

Алайда 9 мың шаршы метрге ғана тротуар төсеу жоспарланған.

«Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, жауапты лауазымды тұлға заң аясында жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Павлодар қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын мәлімдеді.

Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты. «Бағдәулет и ПК» және «Амантау-2023» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы екі жыл бойы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар арқылы субсидияларды заңсыз алып келген.

Бөлісу: