Әлем
1 мин оқу 30

Филиппиндегі мектепте атыс болып, үш оқушы қаза тапты

<p><strong>Филиппиннің Таклобан қаласындағы орта мектептердің бірінде атыс болды. Оқиға салдарынан үш оқушы қаза тауып, тағы жеті жасөспірім жарақат алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Филиппиндегі мектепте атыс болып, үш оқушы қаза тапты

Қайғылы оқиға таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі оқушы 38 калибрлі және 9 миллиметрлік тапаншалардан сыныптастарына оқ атқан.

Күдіктілердің бірі – тоғызыншы сынып оқушысы оқиға орнында ұсталды. Ал екінші күдікті кейінірек полицияға өз еркімен берілген.

Филиппин астанасында мыңнан астам ғимарат өртенді

Филиппин президенті Фердинанд Маркос құқық қорғау органдарына оқиғаны жан-жақты тергеуді және білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Елдің Білім министрлігі болған оқиғаны аса ауыр жағдай деп бағалап, қаза тапқан оқушылардың отбасыларына көңіл айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Филиппинде жер сілкінісі салдарынан 78 адам қаза тауып, тағы 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткен еді.

Бөлісу:
Филиппиндегі мектепте атыс болып, үш оқушы қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар