Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты
<p><strong>Таиландтағы танымал жағажайлардың бірі – Пхукетте Қазақстан азаматшасы жол-көлік оқиғаларына себеп болған. 30 жастағы әйел MG көлігін жүргізіп, бірнеше сағат бойы арал жолдарында ретсіз қозғалып, басқа көліктермен соқтығысып, полициядан қашуға тырысқан. Оның көлігі микроавтобус пен мотоциклге соғылып, екі адам жарақат алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жол апатынан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді.
Та Чатчай ауданы полициясының бастығы Кхундж На Нонгхайдың айтуынша, шамамен сағат 18:30-да полиция қызметкерлеріне Май Кхао ауданында жеңіл автокөліктің жол қозғалысына кедергі келтіріп тұрғаны туралы алғашқы хабарлама түскен.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, жүргізушімен сөйлесуге әрекет жасаған, алайда жағдайды реттеп үлгермей жатып, ол көлігімен кетіп қалған. Полиция оны ұстау үшін көлік терезесін сындыруға мәжбүр болған.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, әйел бұған дейін де осындай жағдайларға тап болған және ауыр эмоционалдық күйде болуы мүмкін.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 80 адам шетелде анықталып, оның 47-сі ұсталды.