Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Павлодарда оқушы төрт жастағы баланы құтқарып қалды

15.05.2015 PavПАВЛОДАР. 15 мамыр. Зейнеп Қабылбек облыс орталығына қарасты ауылдың № 33 мектепте 8 сыныпта оқиды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Зейнеп биыл 20-ақпанында өрт кезінде 4 жастағы баланы құтқарып қалды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Құтқарушылардың келгенін күтпестен жанып жатқан үйге қарай жүгіреді. Жабық пәтерде қалған баланы көрген ол бірден жалын шарпыған үйге кіріп, оны далаға алып шығады. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Ерлігі мен қайсарлығы үшін» берілетін марапат енді, 18 мамырда ауыл мектебінде жиын өтіп арнайы табыс етіледі. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz
Бөлісу:
Павлодарда оқушы төрт жастағы баланы құтқарып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар