Саясат
2 мин оқу 30

Жанармай тапшылығына жол берілмейді

<p style="text-align: left;">Елімізде мұнай өнімдері&shy;нің қоры ішкі сұранысты то&shy;лық қамтамасыз етуге жеткілікті. Премьер-министр Олжас Бектенов&shy;тің төр&shy;ағалы&shy;ғымен өт&shy;кен кеңес&shy;те жанар-жағар&shy;май нарығын&shy;дағы ахуал қаралып, мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесу мен ішкі нарық тұрақты&shy;лығын сақтау жөнінде нақ&shy;ты тапсырмалар берілді.</p>

Жанармай тапшылығына жол берілмейді

Үкімет басшысы жауапты мемле­кеттік органдар мен құ­қық қорғау құрылымдарының қаты­суымен мұ­най өнімдері нарығын­дағы қазіргі ахуалға арналған кеңес өткізді. Жиын­да ішкі нарықты тұрақты қам­тамасыз ету, жанар-жағар­май қорын сақтау мен мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу мәселелері қаралды.

Кеңесте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елдегі мұнай өңдеу зауыттарының штаттық режім­­де жұмыс істеп тұрғанын баян­дады. Бүгінде отандық мұнай өңдеу кәсіп­орындары ішкі нарық­тың қажет­тілігін толық қамтамасыз етіп отыр.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі таңда республикадағы бензин, дизель отыны мен авиа­циялық керосин қоры 1 миллион тоннадан асады. Бұл ішкі тұтынушылардың сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Жанар-жағармай мате­риал­дары ең алдымен автожанар­май құю стансаларына, ауыл шаруа­шылығы тауарын өндіру­шілер мен отандық әуе тасымалдаушыларына жеткізіліп жатыр.

Кеңес барысында мұнай өнім­де­рін заңсыз тасымалдау мәселе­сіне ерекше назар аударылды. Қазір ел аумағынан автомобиль көлігі арқылы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері мен теміржол арқылы жеңіл дистилляттарды шығаруға тыйым салатын шектеулер күшін­де қалып отыр. Бұған қоса, автокөліктердің мем­лекеттік шекараны тәулігіне бір рет­тен артық кесіп өтуіне жол берілмейді.

Жиында Ішкі істер ми­нистрі Ержан Сәденов, Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті төр­ағ­а­сының орынбасары – Шека­ра қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов пен Қаржы­лық мониторинг агент­тігі төрағасының орынбасары Қай­рат Бижанов баяндама жасап, қабылданып жатқан бақы­лау шара­лары туралы мәлімет берді. Премьер-министр ішкі мұнай өнім­дері нарығының тұрақты­лы­ғы ел экономикасы үшін страте­гия­лық маңызға ие екенін атап өтті.

Олжас Бектенов жауапты мемле­кеттік органдарға жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу мен елдің қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақ­сатында шекарадағы бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ ҰҚК Шекара қызме­тіне Қаржы министр­лігімен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірле­сіп, мемлекеттік шекара­дағы бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымал­даудың барлық схемаларын анықтап, олардың жолын кесу міндеті жүктелді.

Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерін өндіру, қор қалып­тастыру мен тұтыну теңге­ріміне тұрақты мониторинг жүр­гізу тапсырылды. Қажет болған жағ­дайда ішкі нарықтағы тұрақ­тылықты сақтау үшін қосымша шаралар жөнінде жедел ұсыныстар енгізу тапсырмасы берілді.

Осылайша, Үкімет ішкі нарық­ты жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мен мұнай өнім­де­рі­нің заңсыз айналымына тосқауыл қою ба­ғытындағы жұмысты кү­шейте түспекші. Қазір­гі жағдай бойын­ша республикада жанар-жағармай тапшылығы байқал­майды, ал қолда бар қорлар тұ­ты­нушылар сұранысын толық өтеуге жеткілікті.

Бөлісу:
Жанармай тапшылығына жол берілмейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар