Футбол
1 мин оқу 30

Әлем чемпионаты: Франция Иракты ірі есеппен жеңді

<p><strong>Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы екінші тур матчында Франция құрамасы Иракты ойсырата жеңді. Филадельфиядағы Lincoln Financial Field стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Киллиан Мбаппе дубль (2 гол) жасады. Француздар сапында тағы 1 голды Усман Дембеле соқты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Әлем чемпионаты: Франция Иракты ірі есеппен жеңді

Франция құрамасы есепті 14-минутта ашты. Майкл Олисе нәтижелі пас беріп, Киллиан Мбаппе айып алаңы сыртынан күшті соққы жасап, допты қақпа торына дәл бағыттады.

Бірінші таймның соңғы минуттары нөсер жаңбыр астында өтті. Үзілістен кейін стадион маңындағы найзағайға байланысты ұйымдастырушылар матчты тоқтатуға мәжбүр болды. Турнирдің қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, найзағай қаупі болған жағдайда ойын жалғастырылмайды.

Месси рекорд орнатты: Аргентина Австрияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты

Алғашында екінші таймның басталуы 15 минутқа шегерілді. Алайда кейін үзіліс бірнеше рет ұзартылып, командалар алаңға бірінші тайм аяқталғаннан кейін шамамен 2 сағат өткен соң ғана қайта оралды.

Ойын қайта басталғаннан кейін француздар матч барысын толық бақылауда ұстап, қарсылас қақпасына қауіпті шабуылдарын жалғастырды. 74-минутта Усман Дембеле есеп айырмасын екі допқа жеткізсе, 88-минутта Киллиан Мбаппе дубль жасап, матчтың қорытынды есебін белгіледі. Ойын 3:0 есебімен аяқталды.

Екі турдан кейін Франция құрамасының еншісінде 6 ұпай бар және команда мерзімінен бұрын әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Ирак құрамасының активінде 3 ұпай қалып отыр. Олар топтық кезеңнің соңғы турында келесі кезеңге шығу үшін күресін жалғастырады.

Мессидің хет-тригі, Мбаппе мен Холанның дублі

Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Франция Иракты ірі есеппен жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар