Есімі мәңгілік сақталады
<p style="text-align: left;">Дәстүрлі академиктер отбасының ұйытқысы, гео­графия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Сәрсен­қызы Бейсенованың өмірі мен мұрасы тағылымды. </p>

Әлия Сәрсенқызы саналы ғұмырын отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына арнап, география және экология ғылымдарының қалыптасуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол Қазақстан табиғатын зерттеу, географиялық ой-пікірлердің тарихын зерделеу, экологиялық білім мен тәрбие беру салаларында іргелі ғылыми еңбектер жазып, көптеген ғалымды тәрбиеледі.
Ғылыми-педагогикалық қызметі барысында сансыз шәкірт даярлап, ғылыми мектеп қалыптастырды. Оның есімі мен еңбектері Қазақстан ғылымының алтын қорында мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Академиктің география, экология бағытындағы монографиялары орта және жас буын зерттеушілер арқа сүйейтін еңбек болып қалатынына сенімдіміз.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ,
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті