Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді
<p><strong>27 маусымда Almaty Horse & Polo Club ат-спорт кешенінде конкурдан Алматы облысының чемпионаты өтеді. Дәстүрлі жарысқа әр өңірден келген 50-ден астам спортшы қатысып, әртүрлі деңгейдегі бағыттарда бақ сынайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a> </strong></p>

Турнир барысында шабандоздар мен аттардың үйлесімділігі, шеберлігі, жылдамдығы және дәлдігі сыналады.
Жарыс бағдарламасында әртүрлі күрделілік деңгейіндегі бағыттар бойынша балалар, жасөспірімдер және әуесқой шабандоздар өнер көрсетеді.
Ат спорты мерекесінің ерекше атмосферасы орнайтын конкур – шабандоз бен аттың өзара сенімі, жоғары дайындық деңгейі мен үйлесімді әрекетін талап ететін олимпиадалық ат спорты түрі.
Жарыс Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Рысқұлов ауылында 27 маусымда сағат 10:00-де басталады.
«Барша ат спорты жанкүйерлерін жарысты тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетуге шақырамыз», делінген хабарламада.
Еске салайық, былтыр Астанада 30 мамыр мен 1 маусым аралығында «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде 2 халықаралық турнир өткен еді.