Спорт
2 мин оқу 30

Жарыс күнделігі

<p style="text-align: left;">Ньон (Швейцария) қаласында футзалдан 2008 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Біздің ел алтыншы топқа түсті. Қарсыластарымыз &ndash; Албания мен Беларусь. Жарыстың негізгі кезеңінде үш-үштен 12 топқа бөлінген 36 команда өзара шеберлік байқасады. Бұл ойындар 12&ndash;21 қазан, 2&ndash;11 қараша, 6&ndash;9 желтоқсан, 22 ақпан мен 3 наурыз күндері өтеді. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алғандар арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен төрт ұжым бірден іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама алады. Екінші сатыға тұрақтаған сегіз команда плей-офф сайысында бақ сынайды.</p>

Жарыс күнделігі
  • Әртістік жүзуден Торонто (Канада) қаласында өткен Әлем кубогінің суперфиналында Виктор Друзин қола медальға қол жеткізді. Оның техникалық бағдарламада көрсеткен өнерін төрешілер 235.4583 ұпаймен бағалады. Келесі күні отандасымыз еркін бағдарламада (248.5525 ұпай) күміспен күптелді. Сондай-ақ Друзин мен Наргиза Болатова жұбы қола жүлде жеңіп алды.
  • Шаосинде (Қытай) эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты мәреге жетті. Құрамында Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов, Аделина Земс сынды желаяқтары бар біздің команда алдына жан салмады. Екінші, үшінші орынды Үндістан мен Қытайдың спортшылары еншіледі.
  • Ұланбатырда (Моңғолия) дзюдодан «Grand Slam» турнирі аяқталды. Бұл – жапон күресін серік еткен балуандарға Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы лицензиялық жарыс. Өкінішке қарай, жерлестеріміз бұл сынақтан қатты сүрінді. Балуандарымыз арасынан тек Диана Бүркеева (48 кг), Жалғас Қайролла (81 кг), Марат Байқамұров (100 кг) жұбаныш белдесулерінде күресті. Қалғандарының нәтижелері одан да төмен.
  • Семсерлесуден Нью-Делидегі (Үндіс­тан) Азия чемпионатының сапы сайысында Ирина Бакалдина алтыннан алқа тақты. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпио­ны, Олимпия ойындарының жүлдегері, оңтүстіккореялық Серу Сонгқа сан соқтырған ол финалда гонконгтық Кейлин Сэнді 15:12 есебімен ұтты. Ал соның алдында Руслан Құрбанов қола жүлдеге қол созды.
  • Футболдан еліміз Премьер-лигасының 14-туры мынадай нәтижелермен аяқталды. «Алтай» – «Жетісу» 3:3, «Жеңіс» – «Ертіс» 0:0, «Қайсар» – «Ұлытау» 0:0, «Ордабасы» – «Каспий» 2:0, «Оқжетпес» – «Тобыл» 2:1, «Қызылжар» – «Қайрат» 2:4, «Ақтөбе» – «Астана» 2:0, «Елімай» – «Атырау» 1:2. Жарыс кестесінде 34 ұпайы бар «Ордабасы» көш бастап тұр. Екінші орындағы «Қайраттың» олардан бір ұпайы кем. Дегенмен, алматы­лықтар шымкенттіктерден екі ойын артық өткізген.
  • Украиналық Валерия Стаховамен жұп құрған қазақ теннисшісі Жібек Құламбаева Хасковадағы (Болгария) ITF W50 турнирінде топ жарды. Қатарынан бес бәсекеде өз қарсыластарын қапы қалдырған олар финалда Марта Маттула (Грекия)/Хибах Шайхқа (АҚШ) шаң қаптырды. 1 сағат 14 минутқа созылған сайыс 6:0, 6:4 есебімен аяқталды.
  • Шағын футболдан (сокка) биыл күзде Эссенде (Германия) жалауы желбірейтін әлем чемпионатында қатысушы командалардың кіммен кездесетіндері белгілі болды. Еліміз құрамасы «Н» тобында Бельгия, Түркия, Гаитимен күш сынасады. Өзге топтарда мына командалар бақ сынайды: «А» – Германия, Аргентина, Чехия, Индонезия; «В» – Бразилия, АҚШ, Сербия, Иран; «С» – Грекия, Ирландия, Колумбия, Сирия; «D» – Болгария, Англия, Коста-Рика, Үндістан; «Е» – Франция, Латвия, Аустралия, Ливия; «F» – Мажарстан, Албания, Уругвай, Нигерия; «G» – Хорватия, Италия, Перу, ОАР; «I» –Украина, Грузия, Пәкістан, Ливан; «J» – Румыния, Испания, Канада, Венесуэла; «K» – Оман, Словения, Қытай, Дания; «L» – Польша, Чили, Марокко, Косово. 
Бөлісу: