Саясат
2 мин оқу 20

Конституциялық құндылықтарды ілгерілету міндеті

<p style="text-align: left;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төраға&shy;лығымен ішкі саясат мәселелері жөнінде рес&shy;публикалық кеңес өтті. Жиынға Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің құры&shy;лымдық бөлімдерінің басшылары, облыстар мен республикалық маңызы бар қала&shy;лар әкімдерінің орынба&shy;сар&shy;лары, өңірлік басқармалар&shy;дың жетек&shy;шілері қатысты.</p>

Конституциялық құндылықтарды ілгерілету міндеті

Ерлан Қарин кеңесте сөй­леген сөзінде Конститу­цияның күшіне енуімен Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталатынын, еліміз жаңа, заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшетінін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші жаңа даму кезеңінің басты ерекше­лігі қоғамдық үдерістердің жаң­ғы­руында, жаңа қоғамдық күш­тер мен жаңа тұлғалардың қа­лып­тасуында екенін айтты. Сол себепті жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістер ауқымы және маңызы жағынан кейінгі онжылдықтардағы ең ірі қоғамдық-саяси үдерістердің бірі саналады.

Сонымен қатар Ерлан Қарин Президент бастамасы­мен жүзеге асырылып жатқан жаңа­рулар мен жаңғырулар­дың мән-маңызына тоқталды.

«Қоғам реформалар мен өзгерістердің нәтижелілігін, қажеттілігі мен маңызын нақ­ты сезініп отыр. Бұл өз кезе­гінде Мемлекет басшысы стра­те­гиясының айналасына топтасушы азаматтар санының арта түсуі­не жол ашты. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген қоғамдық сенім рей­тин­гінің жоғары, яғни 86,7 пайыз болуы дәлелдеп отыр. Рефор­малардың нәтижесін басқа да әлеуметтік сауалнамалар қуаттай түсуде. Олардағы ста­тис­тикалық деректерге сүйен­сек, азаматтардың 84 пайыздан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Бірақ қол жеткізілген нәтижелер­мен шектеліп, қар­қынды бә­сеңдетпей, әрдайым алға ұмтылу керек. Біздің басты міндетіміз – азаматтар­дың сұраныстарына дер уа­қытында әрі лайықты жауап беру, жасам­­паз күн тәртібі мен жаңа конс­титуциялық құнды­лықтар­ды ілгерілету, Президент бастама­лары­ның сапалы іске асыры­луын қамтамасыз ету», деді Е.Қарин.

Кеңес барысында жаңа конс­­титуциялық қағидат­тарды ор­нықтыру, ұлтаралық және кон­фессияаралық келі­сім­ді нығай­ту, қоғамдық бірлес­тіктермен және сарапшылармен байланысты жандандыру, мәдени-гу­манитарлық, ақпа­раттық, отбасы және жастар сая­саты мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бо­йынша жауапты мемлекет­тік орган­дарға ішкі саясат саласын­дағы жұ­мыс­тың не­гізгі бағытта­рын нақты жү­зе­ге асыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Конституциялық құндылықтарды ілгерілету міндеті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар