Үкімет
1 мин оқу 20

Балаларды қорғаудағы цифрлық серпін

<p style="text-align: left;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева отбасы, әйел және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс істейтін бірыңғай &laquo;111&raquo; байланыс орталығының қызметімен танысты.</p>

Балаларды қорғаудағы цифрлық серпін

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау барысында Ерлан Қарин салаға жаңа цифрлық құралдарды енгізу қажет екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші әлеуметтік саладағы нақты міндеттерді іске асыру кезінде цифрлық технологияларға негізделген қарапайым смарт-шешімдер кеңінен қолданыла бастағанын айтты.

– Балалардың құқықта­рын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мектептерге дәстүрлі телефон қоңы­рауларына заманауи балама ретінде QR-кодтарды орна­ластыра бастадық. Жаңа тәсіл мыңдаған балаға білікті психологиялық көмектің уақтылы көрсетілуіне, ал жеке­леген жағдайларда қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік берді, – деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ азаматтардың E-otinish және E-gov цифрлық платформалары арқылы жолдаған өтініштерін талдау жұмысы белсенді қолданыла бастады. Халықтың нақты сұранысын саралау негізінде мемлекеттік органдар азамат­тардың мүддесіне сай жүйелі шешімдер қабылдауда.

– Цифрлық технология­ларға негізделген жаңа тәсілдердің барлығы өз нәтижесін беріп, мемлекет қабылдайтын шешімдердің тиімділігі мен жеделдігін арттыруда. Сондықтан қоғамдық коммуникациялар саласында цифрлық құралдарды барынша белсенді енгізу қажет, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Бөлісу:
Балаларды қорғаудағы цифрлық серпін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар