Футбол
1 мин оқу 30

Холанд дубль жасап, Норвегияны плей-оффқа шығарды

<p>Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Холанд дубль жасап, Норвегияны плей-оффқа шығарды

Кездесудің алғашқы бөлігінде қос команда тең дәрежеде ойын көрсетті. Алайда 13-минутта қосалқы құрамнан шыққан Маркус Педерсен 43-минутта мергендік танытып, командасын алға шығарды.

Үзілістен кейін Норвегия құрамасының көшбасшысы Эрлинг Холанд есеп айырмасын ұлғайтты. Шабуылшы 56-минутта командасының екінші голын соғып, қарсыласын қиын жағдайға қалдырды.

Норвегия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Сенегалдықтар сапынан Исмаила Сарр есеп айырмасын қысқартқанымен, көп ұзамай Холанд тағы да көзге түсті. 79-минутта дубль авторы атанған шабуылшы Норвегияның есебін еселей түсті.

Қосымша уақытта Сарр да өзінің екінші голын соқты. Алайда бұл сенегалдықтарды жеңілістен құтқара алмады.

Месси рекорд орнатты: Аргентина Австрияны жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты

Осылайша Эрлинг Холанд әлем чемпионатында қатарынан екінші дублін жасап, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде екінші орынға көтерілді.

Ал көш басында бес голмен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси тұр.

Еске сала кетейік, 26 маусым күні Норвегия Франциямен кездессе, Сенегал құрамасы Иракқа қарсы алаңға шығады.

Бөлісу: