Қоғам
2 мин оқу 40

Алматыда көлікті алаяқтық жолмен алып кеткен 3 адам ұсталды

<p>Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта логистикалық платформалар арқылы автокөліктер мен түрлі жүктерді тасымалдау барысында алаяқтық фактілерінің көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда көлікті алаяқтық жолмен алып кеткен 3 адам ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, қаскөйлер көбіне «Della» және «Fa-Fa.kz» сервистерін пайдаланып, Алматы қаласы мен Алматы облысынан еліміздің өзге өңірлеріне жүк жеткізу туралы хабарландырулар жариялайды.

Хабарландыру шыққаннан кейін алаяқтар тапсырыс берушілермен және жүргізушілермен WhatsApp арқылы байланысқа шығады. Тапсырыс иелеріне өздерін жүргізуші немесе тасымалдауды ұйымдастырушы ретінде таныстырса, жүргізушілерге жүк иесі болып көрінеді. Осылайша екі тараптың сеніміне кіріп, тасымалдау шарттарын келіседі.

Көлік Алматыдан шыққаннан кейін қаскөйлер ұрланған автокөлік пен жүкті басқа көлікке ауыстырып тиеп, өз мақсаттарына пайдаланады.

Күдіктіні саусақ ізі әшкереледі: Ақмола облысында 19 жыл бұрын жасалған ұрлықтың беті ашылды

Осындай жағдайлардың бірі 7 маусым күні тіркелді. Алматы тұрғыны полицияға құны жоғары автокөлігінің алаяқтардың қолына түскені туралы арызданған. Тергеу мәліметіне сәйкес, белгісіз тұлғалар екі күн бұрын алдау жолымен көлікті иемденіп, жәбірленушіге 60 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері көлікті тауып, заңды иесіне қайтарды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

ІІМ мұндай қылмыстардың алдын алу үшін азаматтарға жүргізушінің жеке басын және көлік құжаттарын мұқият тексеруге, тасымалдаушының байланыс нөмірін хабарландырудағы мәліметпен салыстыруға, жеткізу бағыты мен соңғы мекенжайды алдын ала нақтылауға, сондай-ақ интернеттегі пікірлерді зерттеуге кеңес береді.

Егер құжаттарда сәйкессіздік немесе күмәнді жайттар анықталса, тасымалдаушы қызметінен бас тартып, дереу 102 нөміріне хабарласу немесе криминалдық полицияға жүгіну қажет.

Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды

Министрлік қырағылық таныту мен құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгіну қылмыстың алдын алуға және кінәлілерді жауапқа тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бөлісу:
Алматыда көлікті алаяқтық жолмен алып кеткен 3 адам ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар