Футбол
1 мин оқу 70

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубын басқаратын болды

<p><strong>Давид Лория &laquo;Жеңіс&raquo; футбол клубының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Давид Лория «Жеңіс» футбол клубын басқаратын болды

Айта кетейік, Давид Лория –  клуб түлегі және «Жеңіс» футбол клубының сапында еліміздің үш дүркін чемпионы. 

«Дәл осы Давид Григорийұлының тікелей атсалысуымен 2021 жылы клубымыздың қайта жаңғыруы басталды. Ол бас директор лауазымында Айдын Қожахметті алмастырады. Ал Айдын Қожахмет «Жеңіс» ФК құрылымында атқарушы директор ретінде жұмысын жалғастырады», деп жазды елордалық футбол клубы. 

Еске салайық, бір жылдай уақыт бұрын «Жеңіс» футбол командасының 19 жастағы ойыншысы көз жұмған еді.

Бөлісу:
Давид Лория «Жеңіс» футбол клубын басқаратын болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар