Футбол
2 мин оқу 40

Әлем чемпионаты: Бүгін кімдер бақ сынайды?

<p><strong>Бүгін әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Португалия Өзбекстанмен кездеседі. Сондай-ақ Англия құрамасы да жолдама үшін тартысқа түседі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Әлем чемпионаты: Бүгін кімдер бақ сынайды?

Португалия алғашқы турда Конго ДР құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, күтпеген жерден ұпай жоғалтып алған еді. Команда сапындағы жалғыз голды Жоау Невеш соқты. Ал Криштиану Роналду нәтижелі әрекет көрсете алмай, ірі турнирлерде 10 матч бойы гол соға алмай келеді.

Екінші турда Роберто Мартинес шәкірттері әлем чемпионатындағы дебютант Өзбекстан құрамасымен кездеседі. Кездесу елорда уақытымен 22:00-де өтеді. Алғашқы матчта көршіміз Колумбияға 3:1 есебімен есе жіберген еді.

Англия құрамасы алғашқы турда Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, турнирді сәтті бастады. Джуд Беллингем, Маркус Рэшфорд пен дубль авторы Харри Кейн мергендік танытты. Томас Тухель баптайтын команда енді Гананы жеңсе, плей-офф кезеңіне шығуға бір табан жақындай түспек.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды

Ал Гана құрамасы алғашқы ойында Панаманы 1:0 есебімен ұтып, үш ұпай еншілеген болатын. Сондықтан 24 маусымға қараған түні сағат 01:00-де өтетін Англия мен Гана арасындағы кездесуде L тобындағы көшбасшы анықталады.

Сондай-ақ сағат 04:00-де алғашқы турда жеңіліске ұшыраған Панама мен Хорватия кездеседі. Ал K тобында көш бастап тұрған Колумбия құрамасы сағат 07:00-де Конгомен ойнайды.

Осылайша құрамалар әлем чемпионатының екінші турын аяқтайды.

Еске сала кетейік, әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар ойындар qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарында, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында және «Birge.tv» платформасында онлайн форматта қолжетімді болады.

Бөлісу: