Қазақстан
1 мин оқу 31

Қазақстан туы Солтүстік Американың ең биік шыңында желбіреді

<p>Арнайы операциялар күштері Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік нүктесі &ndash; Денали шыңын бағындырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан туы Солтүстік Американың ең биік шыңында желбіреді

Экспедиция барысында еліміздің әскери қызметшілері шың басында еліміздің Мемлекеттік Туы мен Арнайы операциялар күштерінің туын салтанатты түрде көтерді.

«Экспедиция әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік шыңын бағындыру олардың тамаша дене психологиялық дайындығымен қатар, отансүйгіштік, ерлік пен табандылық қасиеттерін паш етті», делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, Денали – Солтүстік Америкадағы ең биік тау шыңы. Оның биіктігі 6190 метрді құрайды. Шың АҚШ-тың Аляска штатында орналасқан Денали ұлттық паркі мен қорығының аумағына кіреді. Атабаска үндістерінің тілінде «Денали» сөзі «Ұлы» деген мағынаны білдіреді.

Әскери альпинистер «Батыр-панфиловшылар» шыңына ту тікті

Еліміздің альпинистері әлемдегі ең биік шыңдарды бағындырып, ел абыройын асқақтатып келеді. Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ альпинистері алғаш рет Альпідегі Эйгер шыңына шыққан еді.

Бөлісу: