Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
<p><strong>Аптап ыстықтан кейін еліміздің солтүстік өңірлері аздап салқындайды. Қазақстан аумағына циклон ығысып, жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауылдар болжанған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Синоптиктердің болжауынша, осыдан кейін көптен күткен салқын ауа райы орнайды. Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы қолайлы +23...+28 градус шамасында болады.
Дегенмен, барлық өңірлерде ыстықтың беті қайтпайды. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарына Өзбекстан аумағынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40 градусқа дейін жетеді.