Қазақстанда 37 градусқа дейін күн ысиды
<p><strong>«Қазгидромет» 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Синоптиктердің мәліметінше, елдің солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел күтіледі. Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ыстық ауа райы сақталады.
Астанада күн құбылмалы болады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +24…+26 градус шамасында болады.
Алматыда күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріледі.
Шымкентте түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз жауын-шашынсыз, ауа температурасы +32…+34 градус болады.
Ең жоғары температура Талдықорғанда тіркеледі. Онда күндіз ауа +35…+37 градусқа дейін ысиды. Сондай-ақ Түркістанда +34…+36, Қонаевта +33…+35, Қызылорда, Павлодар, Семей және Алматыда +32…+34 градус ыстық күтіледі.
Солтүстік өңірлерде ауа райы тұрақсыз болады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен шаңды дауыл болжанса, Қостанай мен Көкшетауда да найзағайлы жаңбыр күтіледі.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.