Саясат
3 мин оқу 40

Еуразияны жалғаған ықпалдастық

<p style="text-align: left;">Қытайға жұмыс са&shy;&shy;&shy;па&shy;ры аясында Премьер-министр Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңе&shy;&shy;сінің Премьері Ли Цянмен келіссөз жүр&shy;гізіп, екіжақты эконо&shy;ми&shy;калық ынты&shy;мақ&shy;тас&shy;тықтың негізгі бағы&shy;&shy;тын талқы&shy;лады. Кез&shy;десу сауда, инвес-тиция, көлік-логистика мен агроөнер&shy;кәсіп сала&shy;сын&shy;дағы байла&shy;ныс&shy;ты терең&shy;де&shy;туге арналды.</p>

Еуразияны жалғаған ықпалдастық

Қытай бүгінде Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық әріптестерінің бірі саналады. Сондықтан Олжас Бектенов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян арасындағы кездесу екі елдің экономикалық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді қамтыды.

Келіссөз барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағда­лас­тықтардың орындалу барысы қаралып, сауда айналымын ұлғайту, инвестициялық жоба­ларды жүзеге асыру, агроөнер­кәсіп, көлік пен логистика салала­рындағы ықпалдастықты кеңейту шарасы талқыланды. Олжас Бектенов еліміздің жаңа даму кезеңіне аяқ басқанын айтты.

«Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық пен ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты», деді Премьер-министр.

Өз кезегінде Ли Цян кейін­гі жылдары екі мемлекет арасын­дағы стратегиялық өзара іс-қи­мыл­дың айтарлықтай тереңде­генін атап өтті. «Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктес­тік өзара қолдау мен тату көршіліктің үлгісіне айналды. Қытай тара­пы саяси сенімді нығайтып, көпқыр­лы ынтымақтастықты кеңейтуге да­йын», деді ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері.

Сандар да серіктестіктің ауқы­мын аңғартады. Былтыр екі ел ара­сын­дағы тауар айналымы 48 млрд доллардан асты. Қытайдан тар­тыл­ған тікелей инвестиция көлемі 2,8 млрд долларды құрады. Агро­өнеркәсіп саласындағы байланыс та қарқын алып келеді. Өткен жылы бұл сектордағы сауда көлемі 36 па­йыз­ға өсіп, 1,9 млрд доллардан асты.

Далянь қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған халықаралық сессияда сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі стратегиялық артықшылықтарына тоқталды. Оның айтуынша, рес­публика шамамен 1,7 млрд тұтыну­шы­сы бар нарықтарға шығуға мүм­кіндік береді. Кейінгі жеті жылда көлік-транзит инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд доллардан астам қаржы бағытталған.

Ақтаудағы контейнерлік хаб, Сиань құрғақ порты, «Достық – Мойынты» теміржолының екін­ші желісі секілді жобалар бүгін­де ха­лықаралық тасымалдың тиімділігін арттырып отыр. Бүгінде Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтағы жүк тасымалының 85 пайыздан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Өткен жылы екі ел арасындағы теміржол тасымалы 35,6 млн тон­наға жетіп, 11 пайызға өсті.

Премьер-министр бастаманы одан әрі дамытудың бес негіз­гі бағытын атады. Олар – инфрақұ­рылымдық байланыстарды күшей­ту, цифрлық дәліздерді қалыптас­ты­ру, жасыл технологияларды да­мы­ту, сауда мен инвестицияны кеңей­ту мен қаржы құралдарын жетілдіру.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы өзара байланыстардың кеңеюі жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетті. Қазақстан өзін Қытайдың сенімді серіктесі әрі өңірлерді байланыстыратын маңызды көпір ретінде көреді», деді Олжас Бектенов.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі геосаяси жағдайда Қазақ­стан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюы көлік дәліздерінің бәсекеге қабілетін арттырып қана қоймай, Еуразия кеңістігіндегі жаңа эконо­микалық мүмкіндіктердің қалып­тасуына да ықпал етеді. Екі елдің стратегиялық әріптестігі енді тек сауда көлемімен емес, бірлес­кен инфрақұрылымдық әрі ин­вестициялық жобалардың ауқы­мымен өлшенетін кезеңге қадам басып отыр.

Бөлісу:
Еуразияны жалғаған ықпалдастық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар