Аймақтар
2 мин оқу 30

Шегірткеге қарсы күрес қарқынды

<p style="text-align: left;">Ертіс-Баян өңірінде 49 мың гектарға жуық алқап шегірткеге қарсы өңделеді деп жоспарланып отыр. Химиялық өңдеу жұмысы өңірдегі барлық 10 ауданда, сондай-ақ Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында жүргізіледі.</p>

Шегірткеге қарсы күрес қарқынды

Фитосанитарлық мониторинг барысында 30 мың гектар аумақта зиянкестердің оша­ғы анық­талды. Оның ішінде 6,2 мың гектар жердегі шегірткелер саны эко­номикалық зияндылық шегі­нен асып, химиялық өңдеуге жат­қызылған. Қазір аталған ал­қап­тардың барлығы толық өңделді. Үйірлі шегірткелерге қарсы жоспарланған жұмыс­тар­дың 41 пайызы орындалған. Ең көлемді жұмыс Баянауыл ауданында атқарылып, 2,5 мың гектар жер қамтылды. Сонымен қатар Ақсу қаласының ауылдық аймағында – 812 гектар, Аққулы ауданында – 702 гектар, Май ауданында 160 гектар алқап өңделген.

Жалпы, биыл облыс бойын­ша шегірткелерге қарсы 49 мың гектарға жуық жерді өңдеу жос­пар­ланған. Мамандардың ай­туынша, өңірдегі фитосанитарлық ахуал тұрақты. Агроөнеркәсіптік кешендегі облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Арман Шүйкеновтің айтуынша, биыл италиялық прусқа қарсы өңдеу жұмысымен шамамен 12,8 мың гектар алқап қамтылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге аз. Яғни биыл зиянкестер санының табиғи биологиялық төмендеуі байқалып отыр.

«Химиялық өңдеу жұмысы облыстың барлық 10 ауданында, сондай-ақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының ауылдық аймақтарында жоспарланған. Саяқ шегірткеге қарсы жұмыс жүйелі атқарылып жатыр. Өң­деу жұмысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 36 мың гек­тар­дан сәл асатын алқапта жүр­гізілді. Бүгінде 31 мың гектары өңделді. Ақтоғай, Павло­дар және Успен аудандарын­да, сондай-ақ Павлодар және Екі­бас­тұз қалаларының ауылдық аймақтарында өңдеу жұмысы толық аяқталған», дейді ол.

Шетелдік ғалымдар саяқ ше­гірткенің кейбір топтары тіп­ті теңізден де өтіп кететінін дә­лелдеген.  Биология ғылымдары­ның­ докторы, профессор Қанат Ах­­метовтің пікірінше, өткен жаз­дың аса құрғақ болуы биыл ше­гірт­­келердің көбеюіне әсер етіп отыр.

«Ғылыми негізде тү­сіндірсем, шегірткелер көбі­не өз жұ­мырт­қаларын жазық алқап­тарда, тереңге салып кетеді. Жұмырт­қалар сақталатын арнайы қалта­шалар болады. Егер­ күз бен көктем жаңбырлы болса,­ әлгі қалта­шалардағы жұмырт­қа­ларға су тиіп, олардың басым бө­лігі шіріп кетеді. Есесіне келер жылы одан өнім шығатын дер­нәсілдер саны азаяды. Ал күз бен көктемде ылғал аз түссе, ол жұ­мырт­қалардың қалташаларда жақ­сы сақталып қалуына оң әсер етеді. Шегірткенің саяқ түрлеріне егін өсіретін шаруашылықтар ерте бастан қамданғаны дұрыс. Егін шаруашылықтары осы бір ке­зеңін өткізіп алмауы керек. Ол қа­наттанып үлгергенше, күре­сіп, көзін жойған дұрыс. Саяқ шегіртке жетілу барысында бір­не­ше рет түлейді, яғни дамиды. Сөйтіп, соңғы саты – қанаты өсіп шығады. Бұл жағдайда оны тоқ­тату өте қиын», дейді ғалым.

 

Павлодар облысы

Бөлісу:
Шегірткеге қарсы күрес қарқынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар