Спорт
2 мин оқу 20

Чемпионат қызықтары

<p style="text-align: left;">&laquo;Opta&raquo; суперкомпьютері мундиальдің бірінші турының қорытындысы бойынша әлемнің шартты құрамасы сапына мына ойыншылардың енгенін жария етті: қақпашы &ndash; Возинья (Кабо-Верде); қорғаушылар &ndash; Энтони Робинсон (АҚШ), Амир Мурильо (Панама), Гарри Суттар (Аустралия), Педро Лопес (Кабо-Верде); жартылай қорғаушылар &ndash; Уэстон Маккенни (АҚШ), Айюб Буадди (Марокко): шабуылшылар &ndash; Лионель Месси (Аргентина), Эрлинг Холанн (Норвегия), Килиан Мбаппе (Франция), Ян Диоманд (Кот-д&rsquo;Ивуар).</p>

Чемпионат қызықтары
  • Мадридтің «Реалы» 18 жастағы Марокконың жартылай қорғаушысы Айюб Буаддиге айрықша қызығушылық танытып отыр. Қазірде ол «Лилль» клубында өнер көрсетеді. Француздар жас дарынды 70 млн еуроға бағалап отыр. Өткен аптада Бразилияға қарсы кездесуде Буаддидің берген 66 пасының 60-сы әріптестеріне тура жетті. Оның аяғы допқа 87 рет тиді. Осы көрсеткішпен Айюб матчтың ең үздік ойыншыларының санатына қосылып қана қоймай, әлемнің шартты құрамасына енді. Енді корольдік клуб тез арада шешім қабылдауы керек. Әйтпесе, Буаддидің бағасы шарықтап кетеді.
  • Босния мен Герцеговинаға қарсы кездесудің 71-минутында жасыл алаңға шыққан Швейцарияның 20 жастағы жұлдызы Жоан Манзамби 74, 90-минуттарда мергендік танытып, дубль авторы атанды. Сөйтіп, оның есімі ойыннан тыңнан қосылып, қатарынан екі гол соққан ең жас футболшы ретінде тарихта қалды. Жартылай қорғаушы позициясында ойнайтын Манзамби бұл күндері Германияның «Фрайбургінің» намысын қорғайды.
  • Қатарынан екі матчта жеңілістің кермек дәмін татқан Түркия құрамасы үшін биылғы әлемдік доп додасы аяқталды. Осы жарыста олар екі бірдей антирекорд орнатты. Біріншісі, Парагвай (0:1) мен Аустралияға (0:2) қарсы кездесуде қақпаға 62 соққы бағыттап, оның біреуінде голға айналдыра алмады. Екіншісі, Парагвайға қарсы ойында түріктердің допқа иелік ету көрсеткіші 78%-ды құрады. Бірақ одан еш нәтиже шыққан жоқ.
  • Биыл көктемде ФИФА аузын қолымен қалқалап сөйлеген футболшыға қатаң жаза қолдану жөнінде шешім қабылдағаны мәлім. Күні кеше осы ереже бойынша жазаланған алғашқы ойыншының есімі белгілі болды. Ол – Парагвайдың жартылай қорғаушысы Мигель Альмирон. Түркияға қарсы бәсекенің бірінші таймы аяқталар тұста сальвадорлық төреші Иван Бартон жоғарыда айтылған талапқа қайшы келетін әрекеті үшін парагвайлықты алаңнан қуды.
Бөлісу: