Қоғам
2 мин оқу 60

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қайтыс болды

<p>Әскерде қызмет ету кезінде ауыр ми жарақатын алған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар қайтыс болды. Бұл туралы оның отбасының мүддесін қорғаған адвокат Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қайтыс болды

«Өкінішке қарай, бүгін Ербаянның жүрегі тоқтағанын білдік. Бұл жазба қоштасу үшін ғана емес. Өйткені Ербаян осы екі жыл ішінде өзінің өмірі үшін күресе отырып, мыңдаған сарбаздың тағдырына әсер етті. Оның оқиғасы арқылы әскердегі көптеген мәселе ашық айтыла бастады. Бұрын үнсіз қалған ата-аналар сөйледі. Қоғам талап қоя бастады. Мемлекеттік органдар жауап беруге мәжбүр болды. Кейде бір адамның тағдыры тұтас бір жүйені өзгертуге түрткі болады. Ербаян сондай азаматтардың бірі болды», деп жазды Инга Иманбай.

Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында кома жағдайында ауруханаға түскен еді. Ұлттық ұланның әскери бөліміндегілер сарбаздың дәретханада құлап, басын соғып алғанын хабарлаған болатын. Алайда оның ата-анасы ұлдарының соққыға жығылғанын айтып, жарақаттың басқа жағдайда алғанын дәлелдеуге тырысты.

2024 жылдың маусымында Бас әскери прокуратура тергеу «Әскери қызметшілер арасындағы жарғылық қарым-қатынас қағидаларын бұзу» бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді. Ұлттық ұлан бұл істің тергелуі ІІМ Әскери-тергеу департаменті басшылығының бақылауында екенін мәлімдеген болатын.

Ербаянды емдеуге еліміздің еріктілері 230 миллион теңгеге жуық қаржы жинап берді. Ол 2025 жылдың қаңтар мен қараша айларында Түркияда ем қабылдады.

Мамыр айында Ербаянның жағдайы күрт нашарлап, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына шұғыл түрде жатқызылған болатын. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бөлісу:
Әскерде ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар