Футбол
1 мин оқу 30

Колумбия Конго құрамасын 1:0 есебімен жеңді

<p>Әлем чемпионатының K тобындағы екінші тур аясында Колумбия құрамасы Конгоны 1:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа жолдама алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Колумбия Конго құрамасын 1:0 есебімен жеңді

Мексиканың Сапопан қаласындағы «Акрон» стадионында өткен кездесуге италиялық төреші Маурицио Мариани төрелік етті.

Ойын тағдырын екінші таймдағы жалғыз гол шешті. Матчтың 76-минутында қорғаушы Даниэль Муньос мергендік танытып, Колумбияға жеңіс сыйлады.

Осылайша, Колумбия екі турдан кейін 6 ұпай жинап, K тобында жеке-дара көш бастады. Екінші орында 4 ұпайы бар Португалия орналасса, Конго 1 ұпаймен үшінші сатыда тұр. Ал Өзбекстан құрамасы әзірге ұпай еншілей алмай келеді.

Англия құрамасы Гана қақпасына гол соға алмады

28 маусым күні өтетін үшінші тур аясында Колумбия Португалиямен кездеседі. Дәл сол күні Өзбекстан құрамасы Конгомен ойнайды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңі 28 маусымға дейін жалғасады. Әр топтан алғашқы орындарға жайғасқан екі құрама, сондай-ақ үшінші орын иеленген үздік сегіз команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Бөлісу:
Колумбия Конго құрамасын 1:0 есебімен жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар