Әлем
1 мин оқу 40

Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды

<p>Илон Маск енді триллионер емес. Әлемдегі ең бай кәсіпкердің байлығы 1 триллион доллардан төмен түсті. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index рейтингінің жаңартылған деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды

Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, SpaceX негізін қалаушының байлығы 118 миллиард долларға қысқарып, 957 миллиард долларға жеткен.

22 маусымда жарияланған мәліметке сәйкес, шығындар жасанды интеллект жобаларын қаржыландыруға бағытталған. Компания құнды қағаздарын сатылымға шығатынын жариялағаннан кейін акциялар үш күн қатарынан төмендеген.

Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру

Сонымен қатар, 16 маусымнан бері Tesla компаниясының Nasdaq биржасындағы акциялары 4,14 пайызға арзандаса, SpaceX акциялары 17,13 пайызға азайған.

Еске сала кетейік, 12 маусымда Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанған еді.

Бөлісу:
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар