Алматы облысында жоғалып кеткен зейнеткер екі аптадан бері табылмай жатыр
<p><strong>Алматы облысы аумағында деменция дертіне шалдыққан 70 жастағы зейнеткер Александр Саворовский 11 маусым күні үйінен шығып кеткен. Туыстары полицияға және еріктілерге жүгінген. Содан бері зейнеткерді іздеуге 100-ден астам адам жұмылған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Бақылау камералары жазбаларына сәйкес, қарт кісі автобусқа отырып, Алтын Орда базары бағытына барған. Кейін ол Қаскелең тасжолы жағына қарай бет алған.
Қызының айтуынша, әкесі өзінің аты-жөнін есіне түсіре алмайды. Отбасы мүшелерін де, тұрғылықты мекенжайын да білмейді. Зейнеткер деменция дертіне шалдыққан. Оның есте сақтау қабілеті нашарлаған, сөйлеу қабілетінде де бұзылыстар бар.
«Біз анықтай алған соңғы нүкте – Қаскелең тасжолының 19-шақырымы. Қазір ол жерде еріктілер белсенді түрде жұмыс істеп жатыр», дейді зейнеткердің қызы Анна Колдурмиди.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы аумағында жоғалып кеткен малшының 5 күннен кейін аман-есен табылғаны туралы жазғанбыз.