Оқиға
1 мин оқу 50

Ақтөбе облысындағы мейрамханада тағамнан уланғандар саны 113-ке жетті

<p><strong>Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында мейрамханаға барғаннан кейін уланғандар саны 113 адамға жетті. Олардың арасында 16 бала бар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ақтөбе облысындағы мейрамханада тағамнан уланғандар саны 113-ке жетті

Барлық науқастар өткен аптада бір мейрамханада өткен тойлар мен басқа да жиындарға қатысқан. Осыдан кейін олардың дене қызуы көтеріліп, өздерін жайсыз сезіне бастаған.  

Дәрігерлердің мәліметінше, науқастардың басым бөлігінің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Кейбір пациенттердің денсаулығы жақсара бастаған.

Мамандар жаппай улануға нақты не себеп болғанын анықтауға кірісті. Қазіргі уақытта санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мейрамханадан алынған тағам үлгілері мен зертханалық сынамаларды тексеріп жатыр.

Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжұлованың айтуынша, азаматтар арасында тіркелген ішек инфекциясына байланысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қандыағаш қаласындағы «Тұмар» мейрамханасына барған 102 адам тағамнан уланып қалғанын жазған болатынбыз. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы мейрамханада тағамнан уланғандар саны 113-ке жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар