Оқиға
1 мин оқу 50

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

<p><strong>Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін Украина азаматы қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін экстрадицияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды

Бас прокуратураның мәліметінше, арнайы прокурорлар қылмыстық істі тергеу барысында аталған тұлға трансұлттық қылмыстық топтың басшысы бола отырып, Telegram мессенджерінде Kaef Mafia интернет-дүкені арқылы есірткі және психотроптық заттарды жүйелі түрде байланыссыз сатуды ұйымдастырғанын анықтады.

«Қылмыстық әрекет нәтижесінде банк шоттары арқылы 2,8 млрд теңгеден астам қаражат өткізілді. Олар Қазақстаннан тыс жерге шығарылды. Бірақ кейіннен қабылданған шаралар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленді. Сонымен қатар, жедел іс-шаралар барысында осы қылмыстық топ мүшелерінен 1,2 кг есірткі және психотроптық заттар алынды», делінген хабарламада.

Қылмыс жасалғаннан кейін топ мүшелерінің бір бөлігі сотталды, ал күдікті ұйымдастырушы бола отырып, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынғандықтан оған халықаралық іздеу жарияланған.

Халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыпты Грузияда ұсталды 

Былтыр желтоқсан айында ол Польша аумағында ұсталды, сол жерден Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Оның мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, бұған дейін Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ерлі-зайыптыны Жамбыл облысында ұстаған еді.

Бөлісу:
Трансұлттық қылмыстық топты басқарған күдікті Польшадан экстрадицияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар