Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 30

Астанада екі лифтіні бүлдіріп кеткен ер адам ұсталды

Астанада полиция тұрғын үй кешендерінің бірінде тәртіп бұзып, бірден екі лифтіні зақымдаған ер адамды анықтады. Күдікті ретінде 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада екі лифтіні бүлдіріп кеткен ер адам ұсталды

Оқиға 21 маусым күні кешке Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бақылау камераларына түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан ер адамның лифтіге кіріп, кабина есігі мен ішкі қаптамасын жұдырықтап, бүлдіре бастағанын көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға салдарынан екі лифт зақымданған.

Астанада күн сайын шамамен 1500 құқықбұзушылық тіркеледі

Тұрғындардың болжамынша, ер адам оқиға кезінде мас күйде болуы мүмкін. Бейнежазба жарияланғаннан кейін тұрғындар құқық бұзушының жеке басын анықтап, ортақ мүлікке келтірілген залал үшін жауапқа тартуды талап етті.

Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құраған.

Айта кетейік, Атырау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект негізіндегі бейнеаналитика жүйесі енгізіліп, 400 камера ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр. Бүгінде аталған қызмет арқылы 4500-ден астам құқықбұзушылық анықталған.

Бөлісу: