Оқиға
1 мин оқу 30

Алматы облысында 500-ден астам жалған хабарландыру бұғатталды

<p><strong>Жазғы демалыс маусымы қарсаңында алаяқтар пәтерлердің тартымды фотосуреттерін пайдаланып, төмен бағамен хабарландырулар жариялап, тұтынушыларға сылтаулар айтып, алдын ала төлем талап етеді. Төлемді алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды немесе көрсетілген тұрғын үйдің мүлде жоқ екені анықталып жатады. Мұндай жалған хабарландырулар туралы Алматы облысы прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматы облысында 500-ден астам жалған хабарландыру бұғатталды

Осы жылдың 5 айында республика аумағында болмаған қызметтерді көрсетуге байланысты 1 700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 130-ы Алматы облысында жасалған.

Алматы облысының прокуратурасы мен «OLX Group» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында интернет-алаяқтық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы алаң талаптарына сәйкес келмейтін және құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері бар 518 хабарландыру анықталып, бұғатталды», делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Анықталған барлық хабарландыру иелеріне қатысты прокуратураның тапсырмасы бойынша киберполиция қызметкерлері тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Хабарландырудың шынайылығына күмән туындаған немесе алаяқтық белгілері байқалған жағдайда мәміле жасаудан бас тартып, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Еске салайық былтырғы жылдың соңында Бас прокуратура телефон алаяқтары 6,1 мыңнан астам азаматты алдағанын, алаяқтардың әдістері қиындағанмен, негізгі схема өзгермегенін мәлімдеді.

Бөлісу:
Алматы облысында 500-ден астам жалған хабарландыру бұғатталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар