Оқиға
1 мин оқу 30

Қостанай облысында қоныс аударушылар баспана алу кезінде алаяқтық жасаған

<p><strong>Қарабалық ауданының прокуратурасы қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу үшін берілетін мемлекеттік көмекті заңсыз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Қостанай облысында қоныс аударушылар баспана алу кезінде алаяқтық жасаған

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоныс аударушыларға жаңа елді мекеннен баспана алу үшін 1 625 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаты беріледі. Алайда, кейбір азаматтар бұл қолдауды өз мүдделеріне заңсыз қолданған.

«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды

2024 жылы бір қоныс аударушы жалған сатып алу-сату шартын жасасып, 6 миллион теңгеге пәтер сатып алған (оның 3 миллион теңгесі бюджет есебінен төленуі тиіс еді). Тексеріс кезінде баспана иесіне нақты тек 1,6 миллион теңге төленгені, ал құжаттағы баға сатып алушының өтінішімен қолдан өсірілгені белгілі болды.

Тағы бір қоныс аударушы дәл осындай әдіспен пәтер бағасын 5,5 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтеріп, экономикалық мобильділік сертификаты арқылы мемлекеттен заңсыз 2,67 миллион теңге алған.

«Шетелдегі туысыңмын»: Зейнеткерлерді алдаған алаяқ 4 жылға сотталды 

«Алаяқтық фактілері бойынша Қарабалық ауданының прокуратурасы 2 қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер өз кінәларын толықтай мойындап, мемлекетке келтірілген 5,7 миллион теңге шығынды толығымен өтеді. Шығынның өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды», делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасап, 3 миллион теңгені иемденген күдікті қолға түскен еді.

Бөлісу:
Қостанай облысында қоныс аударушылар баспана алу кезінде алаяқтық жасаған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар