Заң
1 мин оқу 30

Маңғыстауда есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталды

<p><strong>Маңғыстауда заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталып, 20 келіге жуық марихуана тәркіленді. &laquo;Қарасора&raquo; және &laquo;Дәрмек&raquo; республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен және Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментінің 5-басқармасымен бірлесіп заңсыз есірткі айналымына қарсы бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Маңғыстауда есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталды

Нәтижесінде Ақтау қаласындағы базарлардың бірінің аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікті ұсталды.

Тергеу әрекеттері барысында күдікті пайдаланған қойма ішінен өсімдік тектес есірткі заттары анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен оларды пайдалануға арналған арнайы құралдар табылды.

Алматыда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

Одан әрі жүргізілген жедел іс-шаралар барысында аталған дерекке қатысы бар тағы бір азамат анықталып, ұсталды.

Сот-сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 20 келіні құрап, аса ірі мөлшерге жататыны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын және есірткі жеткізу арналарының ықтимал жолдарын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды

Айта кетейік, Алматы облысының Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы жойылды.

Бөлісу:
Маңғыстауда есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар