Оқиға
1 мин оқу 30

Астанада ЖОО қызметкері 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен

<p>Астанада жоғары оқу орындарының қызметкерлерінің бірі талапкерлерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен. Ол әр азаматтан 900 мыңға дейін ақша жымқырған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Астанада ЖОО қызметкері 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен

Тергеу мәліметінше, университет қызметкері өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін мөр мен жалған келісімшарттарды пайдаланған. Ол 18 талапкерді алдап, әр азаматтан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

«Сот барысында айыпталушының қызметтік жағдайын пайдалана отырып бірнеше рет алаяқтық жасағаны, сондай-ақ ресми құжаттар мен жалған мөр дайындағаны дәлелденді», делінген Астана қаласының прокуратурасының хабарламасында.

Сот үкімімен алаяқтық жасаған азамат 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған

Еске сала кетейік, Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Астанада ЖОО қызметкері 18 талапкерді оқуға түсіремін деп алдап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар