Экономика
1 мин оқу 30

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

<p>Ресей АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі саладағы төрт дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

Әңгіме шамамен 50 мың тонна қазақстаннан жанармай жеткізу туралы болып отыр. Келіссөздердің басты себебі Ресейдің ішкі нарығында бензин тапшылығының туындауы. Оған мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер еткен.

Ресейдегі бірқатар ірі мұнай өңдеу зауыттарының ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары салдарынан жұмысын тоқтатуы бензин өндірісінің 25%-ға қысқаруына алып келген.

Қазақстанда 37 млрд теңгенің бензинін Қырғызстанға заңсыз шығару схемасы анықталды

Ішкі нарықтағы жанармай тапшылығына байланысты Ресей бензинді теңіз арқылы импорттау мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов журналистерге берген ақпаратында Ресейге бензин жеткізу жөнінде ресми сұраныс түспегенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар