Әлем чемпионаты - 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді
<p><strong>Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы соңғы матчта Бразилия құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен жеңді. Ойын Флорида штатындағы «Хард Рок Стэдиум» стадионында өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Есеп ойынның 7-минутында ашылды. Шотландиялық қақпашы мен қорғаушылардың допты ойынға қосу кезіндегі өрескел қателігінен кейін Райан пасты қағып алып, Винисиус қақпашымен бетпе-бет шығарды. Шабуылшы қарсылас қақпашысын алдап өтіп, допты бос қақпаға дәл бағыттады. Есеп 1:0.
Винисиус 22-минутта қарсылас қақпасына тағы бір гол соқты. Алайда VAR жүйесінің көмегімен эпизод қайта қаралып, төреші допты тартып алу кезінде ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алған жоқ.
Бірінші таймға қосылған уақытта Бразилия құрамасы тағы бір гол соқты. 45+3-минутта Винисиус қақпаға баспен соққы жасап дубль жасады.
Босния және Герцеговина Қатарды жеңгенімен, плей-офф тағдыры шешілген жоқ
Ойынның соңғы нүктесі 60-минутта қойылды. Бруну Гимарайнс Матеус Куньяны тиімді соққы жасау үшін ыңғайлы жағдайға шығарды. Ал шабуылшы өз мүмкіндігін қалт жібермей, есепті 3:0-ге жеткізді. Осылайша, Бразилия құрамасы Шотландияны ірі есеппен жеңіп, топтық кезеңді сәтті аяқтады.