Әлем чемпионаты: Винисиус топтық кезеңнің барлық матчында үздік ойыншы атанды
<p>Винисиус Жуниор әлем чемпионатындағы Шотландия мен Бразилия арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды. Осылайша ол топтық кезеңнің барлық матчында осы марапатты иеленген тарихтағы алғашқы ойыншы болып отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Матчта Бразилия құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ал мадридтік «Реалдың» 25 жастағы шабуылшысы бірінші таймда дубль авторы болды.
Винисиус матч барысында қақпаға 10 соққы жасап, 30 пастың 25-ін дәл жеткізді. Сондай-ақ қарсыластың айып алаңында допқа 13 рет иелік етіп, екі команда арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Босния және Герцеговина Қатарды жеңгенімен, плей-офф тағдыры шешілген жоқ
Айта кетейік, бразилиялық футболшы бұған дейін Мароккомен өткен кездесуден (1:1) және Гаитиге қарсы ойында (3:0) да үздік ойыншы болды.
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үш матчта Винисиус төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Шотландияға қарсы ойында Бразилия сапынан жарақатынан айыққан Неймар алаңға шықты. Ұзақ уақыт ұлттық құрама сапынан шеттетіліп қалған ойыншыны Карло Анчелотти құрамға қайтарған еді.