Көлсай жағасына үш көлікті өткізген инспекторға сөгіс жарияланды
<p class="PDq2pG_selectionAnchorContainer" data-start="68" data-end="212">«Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторы қызметтік міндетін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Парк әкімшілігінің мәліметінше, аумақтағы тәртіптің сақталуын тексеру барысында көл жағасына үш автокөліктің түскені анықталған. Тексеру кезінде инспектордан жазбаша түсініктеме алынып, ол көліктердің жағалауға өткенін растаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Инспектордың айтуынша, көліктерде қарт адамдар, әйелдер мен балалар болған. Сонымен қатар қайықтарға жеткізілуі тиіс азық-түлік пен көлемді жүктер тасымалданған.
Алайда арнайы тексеру жұмыстары бұл көліктердің қозғалысқа мүлдем рұқсат берілмейтін ерекше локацияға дейін барғанын нақтылады. Осыған байланысты мемлекеттік инспекторға қызметтік міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Ұлттық парк әкімшілігі табиғи аумақтардағы белгіленген тәртіп пен экологиялық талаптардың қатаң сақталуы бақылауда екенін атап өтті.