Оқиға
1 мин оқу 80

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

<p class="isSelectedEnd">Атырау облысында әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін 90 жастағы Сағыз ауылының тұрғынына қатысты жасалған зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбада қарт кісі өзіне көрсетілген қатыгездік туралы айтып берген. Оның сөзінше, өзін күшпен ұстап, қол-аяғын скотчпен байлап қойған. Сондай-ақ оған тамақ пен су берілмеген. Біраз уақыттан кейін қария қашып шығып, көмек сұрауға мүмкіндік алған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл әрекетке оның жақын туыстарының бірінің қатысы болуы мүмкін.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша «Ұрып-соғу» бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Атырауда жасөспірімдер 14 жастағы оқушыны бірнеше сағат бойы ұрып-соққанын хабарлаған болатынбыз.

Жетісу облысында әкесін ұрып-соққан екі жігіт ұсталды.

Еске сала кетейік, Жетісай аудандық сотында прокурор туған әкесіне қатыгездікпен адам төзгісіз қорлық көрсеткен 41 жастағы Алмас Садақбаевты 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бөлісу:
Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар