Полицейдің мәйіті жүздеген шақырым жерден табылды: Істің мән-жайы белгілі болды
<p data-start="127" data-end="284"><strong>Алматы қаласының 37 жастағы полиция қызметкерінің өртенген мәйіті Кеген ауданындағы таулы аймақтан табылды. Марқұмның мәйітін жергілікті малшы байқап қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Алдын ала мәлімет бойынша қылмыс жасалғаннан кейін ізін жасыру үшін мәйіт өртелген болуы мүмкін. Сондай-ақ оны Алматыдан шамамен 300 шақырым қашықтыққа апарып тастаған.
Белгілі болғандай, көз жұмған азамат полицияның аға жедел уәкілі қызметін атқарған. Оның жұбайы да құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Ерлі-зайыптылар шамамен 15 жыл бірге өмір сүріп, 7 бала тәрбиелеп отырған. Көршілерінің айтуынша, олар үлгілі отбасылардың бірі саналған.
АҚШ-та Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылды
Қылмыстық іс аясында марқұмның жұбайы мен 14 жастағы ұлы күдікті ретінде ұсталды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Италияда оқып жүрген қазақ студенті қаза тапты. Оның мәйіті елдің оңтүстігіндегі Вибо-Валентия провинциясына қарасты Бриатико қаласының жағалау жартастары арасынан табылды