Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 50

Өскеменде көлігіне заңсыз жарықшам орнатқан 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

<p>Өскеменде көлігіне заңсыз жарықшамдар орнатып, жол ережелерін өрескел бұзған 18 жастағы жүргізуші ұсталды. Тәртіпке бағынбаған темір тұлпар тізгіндеушісін полицейлер желіде тараған видео арқылы анықтаған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменде көлігіне заңсыз жарықшам орнатқан 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды

Бейнекадрларда автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені байқалады. Сондай ақ ол арнайы қызмет көліктеріне арналған жарықшамдарды заңсыз пайдаланған.

Патрульдік полиция мәліметінше, жүргізушіге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

«Аталған факті бойынша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімі шыққанға дейін көлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген полиция хабарламасында.

Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында кортеж ұйымдастырмақ болған 5 көлік жүргізушісі жауапқа тартылған еді.  

Бөлісу:
Өскеменде көлігіне заңсыз жарықшам орнатқан 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар